
Жапонияның астанасы Токио қаласында киокушин-кан каратэден әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 40 елінен келген 700-ге жуық каратэші татами төрінде бақ сынады. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 3-орын иеленіп, ел қоржынына 3 алтын, 3 күміс және 17 қола медаль салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласының спортшылары өз салмақ дәрежелерінде ерекше нәтиже көрсетті.
Нәтижелер бойынша жүлдегер спортшылар:
14-15 жас ұлдар:
• -50 кг, алтын медаль: Ерасыл Ермек;
• +65 кг, алтын медаль: Бексұлтан Айтмағанбет;
• -65 кг, қола медаль: Санжар Бекболатов.
16-17 жас ұлдар:
-55 кг, алтын медаль: Таир Ульжебаев;
-60 кг, қола медаль: Береке Асылхан;
-65 кг, қола медаль: Батырхан Ратбек;
-75 кг, қола медаль: Мұхаммет Ай.
12-13 жас ұлдар:
• -55 кг, күміс медаль: Санжар Ермек;
• -40 кг, қола медаль: Әлихан Аманжол;
• -50 кг, қола медаль: Даниял Сазанбаев.
14-15 жас қыздар:
• -50 кг, күміс медаль: Амира Аққазинова.
Ерлер:
• -65 кг, күміс медаль: Әлішер Кәрменов;
• -55 кг, қола медаль: Ерслан Орынбасаров;
• -60 кг, қола медаль: Рахат Жаңғабылов;
• -75 кг, қола медаль: Айбек Аманов;
• -75 кг, қола медаль: Мақсат Искаков;
• -80 кг, қола медаль: Нұрлыхан Садвокасов;
• -80 кг, қола медаль: Ермағанбетов Еркебұлан.
Әйелдер:
• -50 кг, қола медаль: Гүлназым Ғалымжанова;
• -50 кг, қола медаль: Мадина Сауытова;
• -65 кг, қола медаль: Жания Ержанова;
• +65 кг, қола медаль: Гүлназ Изтанатова;
• +65 кг, қола медаль: Ұлжан Ракишева.