Астанада «Халық заңгері» акциясы өтті

Астанада «Халық заңгері» акциясы өтті

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында елордадағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы №24 орта мектепте «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қала тұрғындары заңгерлерден, адвокаттардан және мемлекеттік органдар өкілдерінен тегін кеңес алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін құқықтық қолдау көрсету.

Белгілі заңгерлер, адвокаттар, прокурорлар, нотариустар және мемлекеттік орган мамандары келушілерді түрлі құқықтық мәселелер бойынша қабылдады.

«31 қазанда акция республикалық деңгейде өтті, ал бүгін біз азаматтарды аудандық деңгейде қабылдап отырмыз.

Барлық мемлекеттік органның өкілдері осында жиналды. Мақсатымыз – адамдарға нақты уақыт режимінде көмектесу. Тұрғындарға қолайлылық үшін барлық қызмет түрі бір жерде ұсынылады: қалаған маманға қазір-ақ жүгіне алады. Олар әртүрлі сұрақтармен келеді, жасы мен санаты да әртүрлі.

Мысалы, жақында бір азамат келді. Ол құрылыс компаниясының қызметіне ақы төлегенін, бірақ фискалдық чек алмағанын айтты. Енді құжаттардың заңдылығына күмәнданып, болашақта мүлікті рәсімдеу кезінде даулар туындауы мүмкін деп алаңдап отыр. Бұл – түсінікті уайым, сондықтан ол нақты мәлімет іздеп жүр», – деді заңгер Даулет Өмірзақов.

«Халық заңгері» форматы қала тұрғындары үшін өте қолайлы: бір жерде бірнеше маманға бірден жүгініп, түрлі сұрақтарына жауап алуға болады. Кезек күту, артық құжат тасу мәселесі болмайды.

#законипорядок #заңжәнетәртіп