
«Астана-РЭК» АҚ-ның жедел бригадалары РП-217 нысанындағы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысын толық аяқтады.
Сағат 21:19-да барлық шектеу толық алынды. Барлық тұрғын үй кешенінде электрмен жабдықталу қалпына келтірілді.
Еске сала кетейік, сағат 15:15-те бес тұрғын үй кешеніне электр энергиясы берілген болатын.
Жоғары кернеулі жабдыққа жүргізілген сынақтар сәтті өтті.
Электрмонтер бригадалары барлық трансформаторлық қосалқы станциясында дизельдік-генераторлық қондырғыларды кезең-кезеңімен ажырату арқылы электрмен жабдықтау схемаларын қалпына келтіруге кірісті.