
Түнгі уақыттан бері жедел қызметтің апатты бригадалары РП-217 нысанындағы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр.
Оқиға орнына жедел қызметтің үш бригадасы, Есіл аудандық электр желілері қызметінің мамандары, сынақ және диагностика қызметі, сондай-ақ кабель желілері қызметінің мамандары дереу жіберілді.
Қалпына келтіру жұмысы барысында 5 трансформаторлық қосалқы станция қайта іске қосылды.
Үйдің ортақ қажеттіліктерін ең төменгі деңгейде қамтамасыз ету үшін дизельді-генераторлық қондырғылар қосылған.
2025 жылдың 22 қарашасында, сағат 01:06-да «Тұран» қосалқы станциясында технологиялық ақау болып, РП-217-ге энергия беріп тұрған №106 және №210 ұяшықтары ажыратылды.
Шектеу аймағында әлі де жеті тұрғын үй кешенінің тұтынушылары бар.
Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысы жалғасып жатыр