Астанада Жұмысшы мамандықтар форумы өтті

Астанада Жұмысшы мамандықтар форумы өтті

Астанада техникалық және өндірістік салаларда табысты мансап құруға қызығушылық танытқан бес жүзден астам жасты біріктірген «Болашақтың жұмысшы мамандықтары» жастар форумы өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұл шара жастарға сұранысқа ие мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат алуға, сарапшылардың кеңестерін тыңдауға, елорданың жетекші жұмыс берушілерімен пікір алмасуға және заманауи өндірістің қалай жұмыс істейтінін өз көзімен көруге мүмкіндік берді.

Форум «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен өтті және Қазақстан жастары арасында жұмысшы мамандықтарын дамытуға бағытталған кең ауқымды жұмыстың маңызды бөлігіне айналды. Форумға қатысушылар алдымен «MetalFormer» ЖШС өндіріс алаңына барып, заманауи жабдықталған желілердің жұмысын, шатыр және қаптама материалдарының жасалу кезеңдерін көрді, сондай-ақ өндіріс орындарындағы негізгі талаптар мен қажетті дағдылармен танысты.

Экскурсиядан кейін Политехникалық колледжде мемлекеттік органдар, ірі компаниялар және жастар ұйымдарының өкілдері қатысқан диалог алаңы ұйымдастырылды. Қатысушылар мамандардан кеңес алып, инженерлік және өндірістік бағыттардағы мансап мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алды.

Панельдік пікірталастың модераторы — қалалық мәслихат депутаты және «Жастар Рухы» Астана қалалық филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұм болды. Ол өз сөзінде форумның маңыздылығын атап өтіп, мұндай алаңдардың жастарға еңбек нарығындағы өзгерістер мен талаптарды түсінуге көмектесетінін айтты.

Одан кейін сөз алған «Жастар Рухы» жастар қанатының төрайымы Акерке Искандерова жұмысшы мамандықтарын дамыту — ұлттық деңгейдегі басым бағыт екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл еліміздің тұрақты дамуы үшін білікті кадрларды даярлаудың маңызын көрсетеді. Бүгінде жастардың техникалық дағдыларды меңгеріп, еңбек нарығына сенімді кіруі үшін нақты мүмкіндіктер жасалып жатыр», — деді АкеркеИскандерова.

Пікірталас барысында «BI Group» компаниясының даму жөніндегі директоры Бексұлтан Олжабай да сөз алып, құрылыс саласында жас техникалық мамандарға деген сұраныстың артып келе жатқанын айтты. Ол өндіріс орындарына практикалық дағдылары бар жас кадрлар қажет екенін және жастар ұйымдарымен ынтымақтасу кәсіби мамандарды даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Пікірталас аясында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Энергетика мамандығының екінші курс студенті жас мамандардың жұмысқа орналасу және тәжірибе жинақтау мүмкіндіктері туралы сұрақ қойды:

«Мен энергетика факультетінің 2 курс студентімін. Болашақта өз мамандығым бойынша жұмыс істегімкеледі. Бүгінде жас мамандар үшін қандай мүмкіндіктербар және оқу кезінде мансапты бастауға бола ма?» — депсұрады форум қатысушысы.

Бұл сұраққа Астана қаласы Энергетика басқармасыбасшысының орынбасары Максат Қайыркешұлы жауапберді. Ол елордада энергетикалық инфрақұрылымдыжаңғыртуға бағытталған ірі жобалар жүзеге асырылыпжатқанын және жас инженерлерге сұраныстың жоғарыекенін атап өтті. Сонымен қатар студенттер үшін өндірістіктәжірибеден өту, салалық жобаларға қатысу және мамандықбойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріқарастырылғанын жеткізді. Максат Қайыркешұлыныңайтуынша, белсенділік танытқан жастар оқу барысында-ақкәсіби жолын бастай алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулералдағы уақытта жиі өткізіліп, жастардың жұмысберушілермен тікелей байланыс орнатуына, өндірісорындарын аралауына және мамандық таңдау бойыншакеңес алуына жағдай жасалатын болады.

Форум жастардың жұмысшы мамандықтарына дегенқызығушылығын арттырып, бұл бағыттың тек тұрақтылыққана емес, сонымен қатар нақты мансаптық өсу мүмкіндігіекенін көрсетті.