Астанада Қазақстан мен Бельгия арасындағы матчты жанкүйерлер ерекше жағдайда аяқтады

Астанада Қазақстан мен Бельгия арасындағы матчты жанкүйерлер ерекше жағдайда аяқтады

Бүгін елордадағы «Астана Арена» стадионында Қазақстан және Бельгия ұлттық құрамалары арасында кездесу өтті. Матч аяқталғаннан кейін трибуналарда жанкүйерлер экологиялық акция ұйымдастырып, футбол кешін ерекше жағдайда аяқтауға атсалысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұл бастаманы астаналықтардың сүйікті экобейнесі – Тазабек те қолдады. Оның қатысуы жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, тазалық іс-шарасын жылы әрі достық күйге айналдырды.

Көрермендердің көбісі матч аяқталған соң трибуналарда қалған қоқысты жинауға атсалысып, тазалық мәдениеті мен ортақ кеңістікке деген құрмет көрсетті.

Осылайша, футбол жанкүйерлері ұлттық құраманы қолдаумен қатар, қаланың экологиясын жақсартуға деген жауапкершілігін де танытты.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge