Астанада түнгі уақытта қар күреу жұмысына 400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды

Астанада түнгі уақытта қар күреу жұмысына 400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. қараша күні қала көшелерінен 6 282 текше метр қар 514 рейспен шығарылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Түнгі ауысымда 213 жол жұмысшысы мен 395 арнайы техника қар тазалау жұмысына шықты.

Қауіпсіздік мақсатында жолдар мен тротуарларға техникалық тұз себіліп, көктайғаққа қарсы шаралар күшейтілген.

Қыс басталғалы бері елордадан 287 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл – 23 066 ауыр жүк көлігінің рейсіне тең.

Алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады, одан соң аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамаларда жұмыстар жүргізіледі.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын жолда мұқият болуға, сақтық шараларын сақтауға және ауа райы қолайсыз кезде ұзақ сапарға шықпауға шақырды.