
Астанада тұрғындарға жұмыс табуға, жаңа мамандықтарды меңгеруге және табысын арттыруға көмектесетін JOLTAP жобасы екінші жыл жүзеге асырылып келеді. Жобаға 16 мен 49 жас аралығындағы астаналықтар қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Курстар 16-49 жас (қоса алғанда) аралығындағы Астана тұрғындары үшін тегін жүргізіледі. Оқыту еңбек нарығы мен өндірістің сұраныстары ескеріліп әзірленген бағдарламалар бойынша өтеді. Курсты сәтті аяқтаған түлектерге сертификат табысталып, JUMYSTAP платформасы арқылы жұмыс табуға жәрдем көрсетіледі.
Жоба аясында жұмысшы дағдыларын дамыту бойынша 13 курс қамтылған, олар:
Тігінші;
Модельер-құрастырушы;
Бариста;
Бухгалтерлік есептің негіздері;
Электргаздәнекерлеуші;
Корпустық жиһаз дайындау;
Kaspi-дүкен платформасында сауда;
Wildberries платформасында сауда;
Аяқ киім жөндеу шеберханасы;
Май ауыстыру және шиномонтаж;
Сатушы-кассир;
Полимерлі-ұнтақты бояу шебері;
Тұрғын үй интерьері дизайнының негіздері.
Сонымен қатар цифрлық дағдылар бойынша 7 курсқа қатысуға болады:
Графикалық дизайн;
Видеомонтаж;
Таргетолог;
Веб-дизайн және сайт әзірлеу;
SMM-менеджер;
Контент-крейтор;
Негізгі цифрлық дағдылар.
Курстан өту ұзақтығы 3-тен 22 күнге дейін созылады.
Қатысушылар теориямен қатар тәжірибені де меңгереді.
Курстарға жазылу JOLTAP жобасының кеңес беру орындарында жүргізіледі. Олар «Азия Парк» сауда орталығында, Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдіктерінде орналасқан.
Бұл пунктерден мынадай қызметтер алуға болады:
20 жұмысшы және цифрлық дағдылар бойынша оқуға жазылу;
Актуалды бос жұмыс орындары бойынша кеңес беру және «JUMYS TAP» сервисіне тіркеу;
«Резюме құрастырушы» сервисі арқылы түйіндеме рәсімдеу;
Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беру;
Қосымша цифрлық сүйемелдеу (ЭЦҚ, kezekte, egov, eotinish).