
Елордадағы Ататүрік саябағында Республика күніне орай мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Концерт Астана бойынша Республика күніне орай өткен бүгінгі кең ауқымды салтанатты іс-шаралар бағдарламасының бірі болды.
Сахнада Нұрлан Еспанов, Бауыржан Исаев, Берік Ержанов, Абай Бегей, Парасат Отан, "Аруым" триосы және Qazaq дуэті сияқты танымал орындаушылар мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың концерттік бағдарламасы Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрді құрметтейтін танымал эстрадалық композицияларды, халық әуендері мен патриоттық әндерді біріктірді. Барабаншылар шоуы көрерменнің ерекше қызығушылығын тудырып, мерекенің көркін қыздырды.
«Бүгін Республика күніне арналған концертке келдім. Әуезді әуен, шаттанған адамдар, желбіреген жалау - айналадағы көтеріңкі көңіл-күй өте жылы атмосфера сыйлады. Бүкіл қала болып бірге тойлап жатқанын көру ғанибет екен», - деді елорда тұрғыны.
Айта кетейік, Республика күніне орай Астанада 150-ге жуық мәдени, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар өтеді.