
Республика күні 25 қазанда Астанада Ақмола облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара бір күн ғана өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеге өңірдің 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Сөрелерде тамақ өнімдерінің 50-ге жуық атауы ұсынылатын болады.
Облыс фермерлері ет және шұжық өнімдерін, жаңа піскен балық, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдерін, ұн, картоп пен көкөністерді әкеледі.
Өнімнің жалпы көлемі 460 тоннадан асады.
Сондай-ақ, жәрмеңкеде тұтынушыларға көмек көрсету үшін еріктілер жұмыс істейді.
Келушілердің назарына Ақмола әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.
Жәрмеңке «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы Қарқаралы тас жолы 1 мекен-жайында бір күн ғана өтеді.
Басталуы таңғы сағат 8.00-де.