Елорданың қарт тұрғындары Республика күніне орай би флешмобын өткізді

Елорданың қарт тұрғындары Республика күніне орай би флешмобын өткізді

Республика күніне орай Астананың Нұра ауданының “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының” қызмет алушылары "Шабыт биі" мерекелік би флешмобын дайындады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың қарт тұрғындары шабыт, бірлік пен Отанға деген сүйіспеншіліктің символы ретінде Ақорда фонында әдемі би орындады.

Бишілер мерекелік көңіл-күй мен ұлттық рухты жеткізді.

Флешмобтың жетекшісі және авторы Орталықтың қызметкері Ирина Николаевна болды.