Астанадағы Музыкалық жас көрермендер театрында «Бақытым – сен, байтақ ел!» атты Республика күніне орай мерекелік кеш өтті.
Шараны Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Халықаралық «QAZAQ TILI» қоғамының Астана қалалық филиалы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Кештің басты мақсаты – тәуелсіздік идеясын, ұлттық құндылықтар мен рухани сабақтастықты өнер тілі арқылы насихаттау, өскелең ұрпақтың елге, жерге деген құрметін арттыра отырып, патриоттық сезімін ояту.
Шара барысында Алаш арыстарына арналған қойылымдар көрсетіліп, елордалық қаламгерлер өлеңдерін оқып, дәстүрлі әндер шырқалды.
Сахна төрінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асқар Мұқият, дәстүрлі әнші Перизат Тұрарова, ерекше дауыс иесі Өзгеріс Шерікбай және елордалық талантты ақындар өнер көрсетті.