Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі: елорданың тұрғын үй секторында 60 рейд өткізілді

Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі: елорданың тұрғын үй секторында 60 рейд өткізілді

Биылғы жылы 28 қыркүйекте жылыту маусымы басталғаннан бері елорданың тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу жағдайларын анықтау және алдын алу бойынша 60 рейдтік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігі ресми сайты.

Астана ТЖД мәліметінше, жылыту маусымы басталғаннан бері қаланың тұрғын үй секторында 12 өрт тіркелген.

Ведомство қызметкерлері аудандық әкімдіктермен бірлесіп тұрғын үй секторында 60 рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында 31 мың жеке тұрғын үй қамтылды, оның ішінде 4 437-і үй-аулаларды аралау жолымен жүзеге асырылды. Аралау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін 8 000-ға жуық бұзушылық анықталды.

Қазіргі уақытта қала бойынша ТЖД есебінде халықтың әлеуметтік осал топтары бойынша 1 738 отбасы тіркеліп тұр, оның ішінде 704 отбасы жеке үйлерде тұрады. Олардың барлығы профилактикалық түсіндіру жұмыстарымен толық қамтылған, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін тиісті органдарға хаттар жолданды.

Соңғы төрт жылда 3 000-нан астам датчик орнатылды, ал ағымдағы жылы аудандық әкімдіктермен бірлесе отырып халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 233 отбасы үйлерінде көміртегі тотығы датчиктері орнатылды.

Сонымен қатар, бірқатар үйлерде пештер мен электр желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.