Астанадағы орталық саябақта Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қала мекемелері қызметкерлері арасында отбасылық эстафета өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жарыс спортты және отбасылық құндылықтарды, еңбек адамына құрметті насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Сайысқа қатысушы Туратаевтар отбасы осындай жарыстар көбірек ұйымдастырылса, елордалық отбасылардың салауатты өмір салтын сақтауға ұмтылуына бірден-бір себеп болар еді деген ойын айтты.
«Сайыс спортпен айналысуға деген ынтамды одан сайын көтерді. Біз отбасымызбен спортпен шұғылданамыз.
Ұйымдастырушыларға үлкен рақмет! Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы шаралар жалғаса берсін! Жарыс жақсы деңгейде өтті. Ауа райы, көңіл күй керемет! Спортпен шұғылданыңыздар! Барлығыңызға зор денсаулық тілеймін», - деді ол.
Жарыс соңында қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғысхаттар табысталды.