Астанада Республика күніне орай «Жазғы жүгіру маусымының жабылуы» өтеді

Астанада Республика күніне орай «Жазғы жүгіру маусымының жабылуы» өтеді

Астанада Республика күніне арналған ерекше спорттық шара – «Жазғы жүгіру маусымының жабылуы» өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Спорт сүйер қауым 25 қазанда Триатлон паркінде бас қосады. Қатысушылар үшін жүгірудің екі қашықтығы белгіленген: 5 және 10 шақырым.

• Тіркеу уақыты: 07:30–08:30;
• Жарыстың басталуы: 09:00;
• Қатысу тегін.

Іс-шараға барлығы 2000 адам қатысады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, финишке жеткендердің арасында 10 велосипед ойнатылады.

Ұйымдастырушылар астаналықтар мен қала қонақтарын салауатты өмір салтын қолдап, осы үлкен спорт мерекесінің бір бөлігі болуға шақырады.