Туризм және спорт министрлігі республикалық деңгейде 46 басым спорт түрін бекітті. Осы тізім негізінде Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы 29 басым спорт түрін анықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бекітілген тізімге мыналар кірді:
• Жазғы спорт түрлері – 12;
• Қысқы спорт түрлері – 4;
• Ұлттық спорт түрлері – 11;
• Азия және Параазия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлері – 2.
Уәкілетті орган бекіткен 29 басым спорт түрімен қатар, елордада жоғары жетістіктерге бағытталған басқа спорт түрлері де дамытыла береді.
Аталған спорт түрлерін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен басым тәртіппен жүзеге асырылады.
Қаражат төмендегі бағыттарға бөлінеді:
• спорттық резервті дайындауға;
• спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына;
• оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шараларды өткізуге;
• елордадағы спорт инфрақұрылымын күтіп-ұстауға және дамытуға бағытталады.
Аймақтық тізімдер спорттық нәтижелердің динамикасын, халықаралық бағдарламалардағы өзгерістер мен кешенді жарыстар күнтізбесіне енгізілетін жаңа бағыттарды ескере отырып, жыл сайын қайта қаралатын болады.
Бұл реформа саланы басқару тиімділігін арттыруға, жоғары жетістікті спортты дамытуға, кадрлық және материалдық базаны нығайтуға және спортшыларды даярлаудың заманауи жүйесін қалыптастыруға бағытталған.