Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Қалдаяқов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Арыс көпіріне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 6-8 қазан аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілетін болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.