Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ә.Бектұров көшесі бойында Тұран даңғылына шығатын жол учаскесінде көлік қозғалысын қамтамасыз етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазіргі уақытта негізгі құрылыс жұмысы аяқталды: көшеде жарықтандыру орнатылып, жол қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Жол жиегін абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр.