«Ұстазыңды құттықта»: Астанада колледж студенттері ерекше челленджді бастады

«Ұстазыңды құттықта»: Астанада колледж студенттері ерекше челленджді бастады

Астана қаласындағы Сервис және туризм колледжінің студенттері мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған «Ұстазыңды құттықта» атты республикалық челленджді қолдап, өз ұстаздарына ерекше ықылас пен алғыс білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Студенттердің айтуынша, бұл челлендж – ұстаздың еңбегін бағалап, алғысын білдіруге арналған тамаша мүмкіндік.

Сонымен қатар, жастар ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани байланысты нығайтып, тәлім-тәрбиеге деген құрметті арттырудың маңызды екенін атап өтті.

Аталған акция арқылы колледж студенттері білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға шын жүректен ризашылықтарын жеткізді.