Астанада көмірді қай жерден және қандай бағада сатып алуға болады

Астанада көмірді қай жерден және қандай бағада сатып алуға болады
Биыл елордада көмір сататын 11 қойма жұмыс істейді. Олардың аумағында 14 сату орны бар. Барлығы тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бұл орындарда 8 компания қызмет көрсетеді. Олар мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1; Герцен көшесі, 6/2; Көктал, 28/2; Мағат, 40; Жамбыл Жабаев көшесі, 76; Ахмет Жұбанов көшесі, 35; Дулатов көшесі, 182/1; 85-ші көше (ЖЭО-3 ауданы), уч. 9А; Герцен көшесі, 6Б.

Қазіргі таңда Астанада көмірдің орташа бағасы:

• Шұбаркөл – тоннасы 18 000 теңге;

• Қаражыра – тоннасы 18 500 теңге;

• Майкөбе – тоннасы 15 500 теңге.

Қалада «109» нөмірлі жедел желі жұмыс істейді. Онда көмірдің қолжетімділігі, бағасы мен сату орындары туралы ақпарат беріледі.