Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ЕК-23 көшесінің Төле би көшесінен Хан Шатырға дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 26-28 қыркүйек аралығында аталған учаскелерде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.