Елордада нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесімен күреске арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында айлық жалғасуда. Соның аясында IT-университетінде студенттермен кездесу өтті. Онда прокуратура мен полиция өкілдері есірткіні қолданудың кейінгі салдары туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жастарға есірткінің денсаулыққа және болашаққа тигізетін зиянды әсері ғана емес, сондай-ақ оны сақтау, қолдану және тарату үшін қарастырылған қатаң заңды жауапкершілік те еске салынды.
«Әр адам өз жолын таңдайды. Маңыздысы – ол жолдың даму мен табысқа, жарқын әрі салауатты болашаққа жеткізуі», — деді спикерлер.
Жиынға Астана қалалық ІІБ Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға уәкілі, полиция подполковнигі Әлия Қибатқызы; Есіл аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Әсем Қожахметова; Есіл аудандық прокуратурасының өкілі Арапов Алтынбек; және Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Төребеков қатысты.
Есірткіге қарсы айлықтың бір бөлігі болды: қала бойынша рейдтер, акциялар, лекциялар мен жастармен профилактикалық кездесулер өткізілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар студенттерге салауатты өмір салтын таңдауға көмектеседі.