Астананың үздік ұстаздары анықталды

Астананың үздік ұстаздары анықталды

Астанада «Үздік педагог-2025» республикалық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ІІ кезең қорытындысы бойынша «Үздік педагог 2025» республикалық байқауының жеңімпаздары болып мына педагогтер анықталды:

• Астана қаласы әкімдігінің «№71 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК математика пәнінің мұғалімі Жүніс Октябрина;

• Астана қаласының «Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейі» ШЖҚ КММ математика пәнінің мұғалімі Қайрат Батырбек;

• Астана қаласындағы «Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бакина Бигожина;

• Астана қаласындағы «М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК тарих пәнінің мұғалімі Рағдагүл Рахымжан;

• Астана қаласы әкімдігінің «Жоғарғы транспорт және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК арнайы пәндер оқытушысы Дина Айкимбаева;

• Астана қаласы әкімдігінің «Б. Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аяужан Турекенова;

• Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ физика пәні мұғалімі Нурбек Имаков;

• Астана қаласы әкімдігінің «№97 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК бастауыш сынып мұғалімі Айжан Нурғазина;

• Астана қаласы әкімдігінің «№93 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК химия пәні мұғалімі Гүлмира Оспанова;

• Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды ұл балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ химия пәні мұғалімі Құралай Жанасова.