Елордалық спортшылар пара қол күрестен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

Елордалық спортшылар пара қол күрестен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

Болгарияның Албена қаласында 13-18 қыркүйек аралығында пара қол күрестен әлем чемпионаты өтті.

Биылғы додаға 24 елден 547 спортшы қатысып, бақ сынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық спортшылар Қазақстан намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
• Ербол Ескенов – 1-орын (сол қол), 1-орын (оң қол);
• Никита Ермаков – 1-орын (оң қол), 3-орын (сол қол);
• Бекзат Бүркітов – 2-орын (сол қол), 3-орын (оң қол).

Пара қол күресінен жаттықтырушы Заир Ахмедов жарыстың деңгейі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

«Чемпионат ойдағыдай өтті. Биыл 500-ден аса спортшы қатысып, бәсекелестік деңгейі ерекше жоғары болды. Біздің спортшылар бар күш-жігерін салып, өздерін лайықты көрсетті. Әсіресе, алғаш рет әлемдік аренаға шыққан Буркитов Бекзат сенімді өнер көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді», – деді ол.