Астаналық оқушыға тұңғыш рет «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

Астаналық  оқушыға тұңғыш рет «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аңсат Алдияр Исатайұлына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағына ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл – елімізде мектеп оқушысына тұңғыш рет беріліп отырған мәртебелі марапат.

Жас шахматшы Алдияр Қазақстан спортының мақтанышы. Ол әлемдік деңгейдегі түрлі беделді додаларда қарсыластарын шаң қаптырып, талай рет жеңімпаз атанды. Әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде топ жарып, еліміздің атын танытып, көк туымызды биікте желбіреткен жас әлем чемпионы.