Орталық Азиядағы басты концерт алаңы: Астанада аты аңызға айналған Backstreet Boys тобы өнер көрсетеді

Орталық Азиядағы басты концерт алаңы: Астанада аты аңызға айналған Backstreet Boys тобы өнер көрсетеді
21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында аты аңызға айналған Backstreet Boys тобы концерт береді. Мұндай іс-шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылғалы отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
 
Әлемдік музыканың тарихындағы ең табысты поп-топтардың бірі саналатын Backstreet Boys әлем бойынша 130 миллионнан астам альбом сатқан. Астанадағы концерт топтың әлемдік гастрольдік турының бір бөлігі болады. 2025 жылы ұжым Лас-Вегаста рекорд орнатқан еді: әйгілі The Sphere концерт кешеніндегі шоу осы алаң тарихындағы ең көп сатылған концертке айналып, небары бір күннің ішінде 500 000-нан астам билет өтіп кеткен.
 
Backstreet Boys концерті үшін Астанаға Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа елдерді қоса алғанда, 45 мемлекеттен 12 000-нан астам турист келеді деп күтіліп отыр. Кешті ұйымдастырып отырған «Астана Концерт» компаниясы Total White дресс-кодын жариялады. Бұл кешке бірлік пен стиль атмосферасын береді. Қазақстандық әлеуметтік желілерде қазірдің өзінде #GetReadyWithMe тренді кең таралып жатыр: отандық жанкүйерлер балалық шағының кумирлерімен кездесуге дайындық барысын көрсетеді.
 
Астанадағы Backstreet Boys концерті – бұл әлемдік жұлдыздардың өнер көрсетуі ғана емес, елорда тарихына енетін ауқымды мәдени оқиға болмақ.