Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қыркүйек айынан бастап күзгі сауықтыру маусымы ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат: 8.00 – 11.30-ге дейінгі уақытта «Жетісу», «Жерұйық», Президенттік, Орталық және Ботаникалық саябақтарда скандинавиялық серуеннен таңғы сауықтыру жаттығулары өтеді.
Орталықтың спорт нұсқаушылары демалу саябақтарында зейнеткерлердің қатысуымен сауықтыру жаттығуларын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл бастама қала тұрғындарының денсаулығын нығайту және спорттық белсенділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
Күзгі сауықтыру жаттығуларына қатысуға ниет білдірген барлық қала зейнеткерлерін сауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Жаттығуға қатысу тегін. Сауықтыру жаттығулары қыркүйек-қараша айларында кестеге сәйкес жалғасатын болады.