«Заң және тәртіп»: елордалық оқушыларға құқық бұзушылықтан сақтану жолдары түсіндірілді

«Заң және тәртіп»: елордалық оқушыларға құқық бұзушылықтан сақтану жолдары түсіндірілді

Астанада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жалғасып келеді.

Осы мақсатта елордалық №3 мектепте кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған дәріс өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Дәріске 10-11-сыныптың шамамен 150 оқушысы қатысты. Іс-шараға прокуратура, Полиция департаменті, Психологиялық қолдау орталығының өкілдері және мектеп әкімшілігі қатысты.

«Маңыздысы – тәуекелдерді уақытылы анықтап, жасөспірімдерге қолдау көрсету. Мұндай кездесулер олардың құқыққа қайшы әрекеттерге тап болуына жол бермей, құқықтық мәдениетті және жауапкершілік сезімін қалыптастырады», – деді Нұра ауданы әкімдігінің ішкі және әлеуметтік саясат бөлімінің басшысы Жансейіт Тынбаев.

Оқушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, сондай-ақ қауіпсіздік, буллинг және құқық бұзушылыққа қатысты нақты мысалдар талқыланды.

«Балалар тек мамандардың айтқанын тыңдап қана қоймайды, сонымен бірге өмірлік жағдайларды талдап, өз ойларын ашық айтуға үйренеді. Ал бейнематериалдар болса, олардың санасында нақты әсер қалдырады. Бұл тәжірибе кейін шынайы өмірде кездескен жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі», – деді мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айжан Тұңғышбаева.

законипорядок #заңжәнетәртіп