Тазабек елордалықтарды ерекше акциясымен қуантты

Тазабек елордалықтарды ерекше акциясымен қуантты

Ауқымды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында алып қуыршақ Тазабек елорда тұрғындарымен ойнап, оларды шоколадпен қуантты, осылайша көңіл-күйін көтерді. Осы шара аясында Астанада аула музыканттарының байқауы өтіп, көше орындаушылары қалалық алаңды нағыз музыка мерекесіне айналдырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ашық аспан астындағы сахнада гитара, саксофон, ұлттық аспаптар күмбірлеп, түрлі әндер шырқалды. Әрбір қатысушы байқау атмосферасына өзіндік стилі мен харизмасын қосты.

Елорда тұрғындарының сүйіктісіне айналған Тазабек те қатысушыларды белсенді қолдап, балалармен ойнады, қала тұрғындарымен суретке түсіп, тәттілер таратты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай өткізіліп жатыр. Бұл – жаңа таланттарды анықтау мүмкіндігі әрі жас музыканттар үшін үлкен қалалық сахналарда өнер көрсетуге жол ашатын мүмкіндік. Бас жүлде – биылғы күзде өтетін ірі қалалық шарада өнер көрсету құқығы.

Ұйымдастырушылар байқауды жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

#ТазаҚазақстан  #экология  #TazaChallenge @TazaQazaqstan