«Jastar Talks»: елордалық жастар үшін Конституция күні қарсаңында ерекше кездесу өтті

«Jastar Talks»: елордалық жастар үшін Конституция күні қарсаңында ерекше кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай елордада «Jastar Talks» жобасы аясында жастармен ерекше кездесу өткізілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның мақсаты – жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, Конституцияның қоғамдағы, мемлекеттегі және әрбір азаматтың өміріндегі маңызын түсіндіру, заңға құрмет пен құқықтық сауаттылықты дамыту, сондай-ақ жастардың жеке және кәсіби дамуына қолдау көрсету.

Спикер ретінде заң ғылымдарының кандидаты, Maqsut Narikbayev University-дің Professor Emeritus Жаннетта Қалишева сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады, ой бөлісті және құнды білім алды. Ерекше көңіл жастардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесіне, ел болашағына деген жауапкершілік пен белсенділік сезімін қалыптастыруға бөлінді.

«Jastar Talks» – жастарға арналған мотивациялық әрі танымдық кездесулердің ашық платформасы.