Астананың Нұра ауданында қоғамдық орындарда кальян шегу деректерін анықтау мақсатында кезекті рейд жүргізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салудың сақталуын жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, полиция және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері бақылайды. Сондай-ақ рейдке қоғамдық ұйымдар да қатысады.
«Бұл жұмыс азаматтардың денсаулығын қорғауға, темекі шегудің алдын алуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға бағытталған. Мұндай шаралар құқықбұзушылықтың алдын алуға, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Нұра ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Азамат Әжібаев.
Рейд барысында 4 көңіл көтеру орны тексеріліп, қоғамдық орындарда кальян қолдану бойынша заң бұзушылықтар анықталды.
Қоғамдық орындарда кальян шеккен 10 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1 және 2-бөліктері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
#законипорядок #заңжәнетәртіп