Астананың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Астананың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Иордания Королі Абдалла II бен әл-Хусейннің Қазақстан Республикасына 26-27 тамыз күндері өтетін ресми сапары аясында елордадағы бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.

Дайындық шаралары аясында арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиация мен техниканың ресурстары пайдаланылатын болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шара кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарағаны жөн.