Астанада жаңа кәріз тазарту құрылысы салынып жатыр

Астанада жаңа кәріз тазарту құрылысы салынып жатыр

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында салынып жатқан кәріз тазарту құрылысы жайлы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қазіргі уақытта шаруашылық-тұрмыстық ағынды су тәулігіне 254 мың м³ қуаттылығы бар кәріз тазарту құрылысында (№1 КТҚ) тазартылады.

Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға қарай қала тұрғындарының саны шамамен 2 млн 275 мың адамға жетеді. Бұл шаруашылық-тұрмыстық ағынды судың едәуір артуына және қосымша тазарту құрылыстарын салу қажеттігіне алып келеді.

Осыны ескере отырып, қалада жаңа кәріз тазарту құрылысын (№2 КТҚ), оған қоса кірме және шығару коллекторларын салу басталды. №2 КТҚ-ның қуаттылығы тәулігіне 188 мың м³ құрайды. Қала үшін маңызды бұл нысанды 2028 жылы аяқтау жоспарланып отыр», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.