«Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акция аясында елордалық Арбатта қала тұрғындары мен қонақтарына арналған эко-куиз өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Эко-куизге жүзге жуық адам қатысты. Қала тұрғындары экологиялық білімдерін сынау үшін бүкіл отбасымен келді.
Жеңімпаздар сыйлықсыз қалған жоқ: оларға интеллектуалды ойындар, балаларға арналған ойыншықтар мен спорттық доптар табыс етілді.
Эко-куиз қаланың тазалығы барлығымыздың ортақ жауапкершілігімізге тікелей байланысты екенін кезекті рет еске салды.
Айта кетейік, бұған дейін елордалық мәдениет мекемелері «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында ескерткіштердің айналасын, театрлар мен музей ғимараттарының аумағын тазалады. Мұндай шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады.