Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Герцен көшесінің Р.Дүйсенбаев көшесінен Д. Карбышев көшесіне дейінгі аралығына жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты аталған учаске 23 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.