Астанада көмірді қай жерден және қандай бағамен алуға болады

Астанада көмірді қай жерден және қандай бағамен алуға болады

Биыл елордада халыққа көмір сатуға арналған 17 қойма жұмыс істейді, олардың ішінде 14 сату орны бар. Барлығы тиісті инфрақұрылыммен және жүк тиеу-түсіру техникасымен толық қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Аталған сату нүктелерінде 8 компания көмір сату қызметін жүзеге асырады.

Олар мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі 4/1, Герцен 6/2, Көктал 28/2, Мақат 40, Жамбыл Жабаев 76, Ахмет Жұбанов 35, Дулатов 182/1, 85-көше (ЖЭО-3 ауданы), учаске 9А, Герцен 6Б.

Қазіргі таңда Астанада көмірдің орташа бағасы мынадай:
• Шұбаркөл – тоннасы 18 000 тг;
• Қаражыра – тоннасы 18 500 тг;
• Майкөбе – тоннасы 15 500 тг.

Еске сала кетейік, қалада «109» нөмірлі жедел желі жұмыс істейді. Онда көмірдің бар-жоғы, бағасы және сату нүктелері туралы қажетті ақпарат алуға болады.