«Таза Қазақстан»: Астанада экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған практикалық қадамдар талқыланды

«Таза Қазақстан»: Астанада экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған практикалық қадамдар талқыланды

Астанада Байқоңыр ауданында экомәдениетті тұрақты дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында өткен талқылауға мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар және ECO Network сарапшылары қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Отырыста қоғамда тұрақты экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қатысты мақсаттар мен міндеттер айқындалды.

Әсіресе «Байқоңыр ауданында жүйелі экологиялық шешімдерді қалай енгізуге болады?» тақырыбындағы панельдік пікірталасқа ерекше назар аударылды. Қатысушылар ой бөлісіп, жұмыс бағыттарының басымдылықтарын анықтап, жобаларды іске асыру бойынша практикалық қадамдарды ұсынды.

Дөңгелек үстелде сөз алған спикерлер қатарында:

• Гүлнар Хан, ECO Network-тің Астана қаласындағы кеңсесінің басшысы, ол Еуразия орталығында экомәдениетті дамыту тәжірибесі мен перспективаларын таныстырды;
• Наталья Даулетьярова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық мәдениет және саясат департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік экомәдениетті дамыту саясаты туралы баяндады;
• Айгүл Әбдіреева, Астана қаласы әкімдігінің Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы директорының орынбасары;
• Серік Құдайбергенов, Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының су нысандарын және қалдықтарды басқару бөлімі бас маманы, өңірлік бастамалар мен экологиялық жобаларды енгізу жоспарларын таныстырды;
• Рүстем Өскенбаев, «Жасыл даму» АҚ қалдықтармен жұмыс істеу департаментінің өкілі;
• Арайлым Сапарәлі, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ өкілі.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша аудан әкімдігімен бірлесіп бастамаларды іске асыру үшін жұмыс тобын құру туралы резолюция қабылданды. Сондай-ақ ЭкоХабтың алдағы іс-шаралары жарияланды.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan