«Таза Қазақстан»: елордалық театрдың ұжымы тазалық акциясын өткізді

«Таза Қазақстан»: елордалық театрдың ұжымы тазалық акциясын өткізді

Астанадағы М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ұжымы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылып, сенбілік өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акция «Театр ілгіштен әрі тазалықтан басталады!» ұранымен 125-ші театр маусымының ашылуына орай ұйымдастырылды.
Қатысушылар театрдың айналасын тазалап, аумақты ретке келтірді.

«Бұл театр – біздің үйіміз. Сондықтан мерейтойлық 125-ші маусым қарсаңында ол тап-таза болуы керек», – деп атап өтті ұжым өкілдері.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Наталья Косенконың пікірінше, экологиялық бастамалар сахнадағы премьералар сияқты маңызды.

«Мәдениет қалаға және онда тұратын адамдарға деген құрметтен басталады», – деді ол.

Актриса Ульяна Апрельскаяның айтуынша, сенбілікке қатысу ұжымға қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын түсінуге көмектесті.

«Қаланы көріктендіру үшін бірге атқарған жұмыс бізге ерекше қуаныш сыйлап, бірлігімізді арттырады», – дейді актриса.

Сенбіліктің соңында театр қызметкерлері таза ауада бірге отырып шай ішті.

ТазаҚазақстан  #экология  #TazaChallenge @TazaQazaqstan