Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ақбидай көшесінің Өндіріс көшесінен Көкше Кеменгерұлы көшесіне дейінгі аралығына жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты аталған учаске 22-29 тамыз аралығында ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.