Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қ.Мұнайтпасов көшесі М.Жұмабаев даңғылы мен Абылай хан даңғылының қиылысында жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты аталған учаске 20 тамыз сағат 23:00-ден 21 тамыз сағат 06:00-ге дейін, сондай-ақ 21 тамыз сағат 23:00-ден 22 тамыз сағат 06:00-ге дейін ішінара жабылады. Күндізгі уақытта қозғалыс ашық болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.