«Таза Қазақстан»: елордалық әртістер экоакцияға қатысып, сенбілік өткізді

«Таза Қазақстан»: елордалық әртістер экоакцияға қатысып, сенбілік өткізді

Астанада Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармонияның әртістері «Таза орта – салауатты қоғам» экологиялық акциясына қосылып, жатақхананы тазалау жұмысын жүргізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Филармония ұжымы мұндай акцияларды тұрақты түрде өткізеді.

«Біз қаламыздың таза әрі көрікті болуын, онда өмір сүру ыңғайлы болуын қалаймыз. Мұндай іс-шаралар аумақты абаттандыруға ғана көмектесіп қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікті насихаттайды. Бізге басқа ұйымдар, оның ішінде мектептер де қосылады. Осылайша балалар тазалықты кішкентайынан сіңіреді деп үміттенеміз», – деді «Әлем» ансамблінің заманауи хореография балетінің әртісі Нұрлан Құсайынов.

Экоакция қатысушылары қоқыс жинап, фасадтарды бояп, жасыл аймақтарды абаттандырды. Филармония осындай экологиялық іс-шараларды бұған дейін де өткізген. Мұндай тәжірибе мәдениет пен экологияның қатар дамып, адамдарды бір идея – ортақ үйімізге қамқорлық жасау идеясы айналасында біріктіре алатынын көрсетеді.

ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan