Астанада Бұқар жырау көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Астанада Бұқар жырау көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Бұқар жырау көшесін Жошы хан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін салу» жобасы аясында асфальт төсеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 20-31 тамыз аралығында аталған учаскелерде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы бір бағытта ұйымдастырылатын болады.

Алдымен Әл-Фараби даңғылынан Мәнгілік Ел даңғылына қарай, кейін Жошы хан көшесінен Әл-Фараби даңғылына қарай.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.