«Таза Қазақстан» онлайн-платформасы: елордалықтардан 3 мыңға жуық өтінім түсті

«Таза Қазақстан» онлайн-платформасы: елордалықтардан 3 мыңға жуық өтінім түсті

Астанада «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы арқылы тұрғындардан өтінім қабылдау қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әрбір қала тұрғыны «Таза Қазақстан» платформасында абаттандыруға қатысты өз мәселесін жеткізе алады. Жүйе іске қосылғалы бері 2822 өтінім түсіп, оның 2503-і орындалды. Қалғаны қаралу үстінде.

Өтінімдердің негізгі бөлігі аумақтарды абаттандыру, жарықтандыру, жолдарды жөндеу, көгалдандыру және рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою мәселелеріне қатысты.

Барлық ұсыныс дер кезінде қаралып, тұрғындарға қолайсыздықты азайтуға мүмкіндік беріп отыр.

«Таза Қазақстан» порталының басты артықшылығы – тұрғындармен жедел әрі ашық байланыс орнату. Қала тұрғындарымен белсенді байланыс орнатылып, олардың ұсыныс-пікірлері ескеріледі.

ТазаҚазақстан  #экология  #TazaChallenge @TazaQazaqstan