Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 16-27 тамыз аралығында Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан М. Жұмабаев даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.