Астанада ауқымды бос орындар жәрмеңкесінде екі мың жұмыс орны ұсынылды

Астанада ауқымды бос орындар жәрмеңкесінде екі мың жұмыс орны ұсынылды

Елордадағы «Abu Dhabi Plaza» сауда-ойын-сауық орталығында Есіл ауданы әкімдігі мен Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ауқымды бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға түрлі саладағы 50 компания мен ұйым қатысып, шамамен 2000 бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңке көптеген жұмыс іздеушілерге әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, қызықтырған сұрақтарын қоюға және алғашқы әңгімелесуден өтуге мүмкіндік берді.

Мұндай кездесулер жұмыспен қамту деңгейін арттыруға, сондай-ақ аудан көлемінде жаңа жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ашуға ықпал етеді.