Астанада Есіл өзенін санитарлық тазалау бойынша жоспарлы жұмыс жалғасып жатыр. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында су айдыны мен оған іргелес аумақты күтіп-ұстау шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жұмысты «Есіл-Астана кеме қатынасы компаниясы» ЖШС атқаруда.
Осы аптада мамандар су айдыны мен жағалаудың кезекті учаскелеріне шықты. Жұмысқа 30-дан астам маман тартылған. Қоқыс жинауға арналған арнайы торлар, шөп шабатын және жиек қырқатын құралдар, сондай-ақ қалдықтарды шығаратын арнайы техника қолданылады.
Тазалау жұмысы су бетінде де, жағалауда да жүргізілуде. Жағаның табиғи келбетін бұзып, қалалық ландшафттың көркін кетіретін арамшөптерді жоюға ерекше назар аударылады.
Қоқыстың басым бөлігі демалыс күндерінен кейін жиналады, сондықтан жұмыстар осы ерекшелік ескеріле отырып ұйымдастырылған. Жүйелі тәсіл уақытылы тазалықты сақтауға және демалушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
«Жазда жағалау айрықша танымал орынға айналады, біз қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы әрі қауіпсіз кеңістік құруға тырысамыз», – деп атап өтті мердігер ұйым өкілдері.
Жағалау бойына қойылған қоқыс жәшіктері тәртіпті сақтауға көмектескенімен, қоршаған ортаның тазалығы көбіне қала тұрғындарының өздеріне байланысты.
Қоқыс тастамау, табиғатты аялау және тазалықты сақтау – қаланың көрікті келбетін қорғаудағы басты факторлардың бірі.
Астаналықтар экологиялық акциялар мен сенбіліктерге қатысуға шақырылады. Бұл – елорданы абаттандыруға қосқан үлес қана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға жанашырлық танытудың үлгісі.
Санитарлық тазалау жұмысы тұрақты түрде жалғасып, өзеннің жаңа учаскелерін қамтитын болады.
ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan