Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада жол және көлік саласы қызметкерлері арасында волейбол турнирі өтіп жатыр

Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада жол және көлік саласы қызметкерлері арасында волейбол турнирі өтіп жатыр

Елордада жол-көлік инфрақұрылымы қызметкерлері арасында қалалық волейбол турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, спортты насихаттау, командалық рухты нығайту және күн сайын қаланың инфрақұрылымын қамтамасыз ететін қызметкерлердің белсенді демалуына жағдай жасау мақсатын көздейді.

Турнир Alpha Gym спорт кешенінде өтіп, екі күнге жалғасады. Жарысқа жол-көлік ұйымдарының командалары қатысуда.

Ресми ашылу рәсімі би қойылымымен және бас төрешілердің құттықтау сөздерімен басталды. Қатысушылар жеңіске деген жігерін танытып, басты трофей үшін күресуге дайын екендіктерін көрсетті.

«Жұмысшы мамандық иелері күн сайын қаламыздың дамуы мен жұмыс істеуіне орасан еңбек сіңіреді. Біз олар үшін ұжымдық рухты көтеретін және салауатты өмір салтына ынталандыратын спорттық мереке ұйымдастыруды ұйғардық. Қатысушылар ойыннан барынша ләззат алуы үшін барлық жағдай жасалған», – деді Спорттық-бұқаралық іс-шаралар дирекциясының жоспарлау бөлімінің басшысы Жанбек Көлбай.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен марапатталады. Спорттық шараға қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталады.

«Мұндай турнир ұйымдастыру өте қызықты идея екен. Бұл – жұмыс барысынан бір сәт демалып, әріптестермен бірге уақыт өткізудің тамаша тәсілі. Ұйымдастыру деңгейі жоғары, бәрі кәсіби түрде өтуде», – деп әсерімен бөлісті қатысушы және №1 қалалық автопарктің қызметкері Қанат Исаев.

Турнир Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.