Астана қаласында өтетін Jüregımnıñ Jeñımpazy қайырымдылық жүгіру марафонына байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көлік қозғалысына шектеу мына тәртіппен енгізіледі:
• Сағат 7:00-ден 8:05-ке дейін – Түркістан көшесінің бір жолағы (Abu Dhabi Plaza бағытына қарай) ішінара жабылады;
• Сағат 7:10-нан 9:15-ке дейін – Ақмешіт көшесінің бір жолағы (мәре аймағына дейін) жабылады;
• Сағат 7:00-ден 7:40-қа дейін – Ұлы Дала даңғылы уақытша жабылады.
Жүргізушілер бағыттарын алдын ала жоспарлап, ықтимал кешігу уақытын ескергені жөн.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және баршаңызды осы маңызды іс-шараға қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның ұйымдастырушысы – Heart Center Foundation қоғамдық қоры.