Астанада Ш.Айтматов көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Ш.Айтматов көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қорғалжын тасжолына дейін жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 6-15 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

ауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.