Астанада қазақ тілінен тегін курс өтеді

Астанада қазақ тілінен тегін курс өтеді

Астанада қазақ тілін меңгеру бойынша тегін курс өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ересектерге арналған қазақ тілі курсына өтініштер 4-20 тамыз аралығында қабылданады.

• Курстың басталу уақыты: 2 қыркүйек;

• Оқыту форматы: офлайн;

• Ұзақтығы – 4 ай;

• Сабақ кестесі – аптасына 3 рет.

Курс соңында қатысушыларға сертификат табысталады.

Курсқа тіркелу мекен жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинет

Байланыс телефондары:

• Жұмыс: +7 (7172) 24-90-52;

• Ұялы: +7 (707) 797-71-43.